Ол осы орайда Қазақстанның қазір Қазақстан-Әзербайжан-Грузия- Түркия-Еуропа арасында газ тасымалдайтын жаңа бағытты ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде А.Пибалгс энергетика мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия "Транскаспий газ құбырын салу жөніндегі жобаны қолдауға дайын" екенін мәлімдеді. Өйткені бұл бағыт еуропалықтар үшін газ жеткізетін қосымша көзге айналса, Қазақстан үшін ол экспорттық бағыттарды әртараптандыру болып табылады.
"Еуропаға дәстүрлі газ тасымалдаушы елдер -Ресей, Алжир және басқа да елдермен арадағы біздің ынтымақтастығымыздың аясы кеңейе түскен күннің өзінде біз төртінші траспорттық дәліз құру идеясын қолдаймыз және бұрын-соңды болмаған бұл бағытқа бетбұрыс жасауды қалаймыз",- деді А.Пибалгс.