Жер қойнауын пайдаланушылар жіберген материалдарға сәйкес, мұнай және газ кеніштерін игеру жөніндегі орталық комиссия Теңіз және Королевское кеніштерін игеру ережелері өрескел бұзылып отырғанын анықтады. Осыған байланысты орталық комиссия кеніштердегі кемшіліктерді жоюға қатаң талап қойып, олардағы ахуалды 6 айдан кейін қайтадан тексеріп пысықтау туралы шешім қабылдады.
Орталық комиссия сонымен бірге "PetroKazakhstan Kumkol Resources"АҚ мен "ТорғайПетролеум" ЖАҚ комиссия тапсырмаларын бірнеше мәрте орындамағанын атап өтті. Осыған байланысты комиссия Құмкөл кенішінде мұнай және газ өңдеу мөлшерін шектеу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған. Бұл шешім ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитеті белгілеген ілеспе газды жақпау жөнінде деңгейге сәйкес қабылданды.