"Электр қуатын үнемдеу туралы" ағымдағы заң 1997 жылы сол кездегі жағдайларға сәйкес, яғни электр қуаты көп, ақша бар, біз оны сатып аламыз деп жүрген кездерде жазылған болатын", - деді М. Рамазанов. "Жаңа заңды біз қазір дайындап жатқан біраз заңдық күші бар актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар пайда болатын 2008-2009 жылдары жасауға болады", - деп санайды комитет төрағасы.
Комитет төрағасының айтуынша, мәселе тікелей өзінің ведомствосы жасап жатқан өнім бірлігіне кеткен электр қуатын тұтыну нормативтері жайында болып отыр. "Үкімет электр қуатының 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасын бекіткен жағдайда индустрия және сауда министрлігіне электр қуатын үнемдеу бойынша құрылыс салу ережелері мен нормаларын және мемлекеттік стандарттарды жасау жөнінде тапсырма беріледі", - деді М. Рамазанов.
Оның бағалауы бойынша, мемлекеттік органдар жоғарыда аталған құжаттарды "биылғы жылдың аяғы - келер жылдың ортасына таман шығарып үлгереді". "Осы заңдық күші бар актілер пайда болған кезде бүкіл тізбек: өндіру - тасымалдау - беру бойынша қалыпты жұмыс жасауға мүмкіндік беретін мәжбүрлеу және көтермелеу шараларын қамтитын "Электр қуатын үнемдеу туралы" жаңа заңның жобасын жасай беруге болады", - деді комитет төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті