ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қуат көздерін сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарласыманың тұжырымдамасын дайындады

"Премьер-министрдің тапсырмасымен қуат көздерін сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылып, олардың ұсыныстары ескеріле отырып, біз қуат көздерін сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындадық ", - деді Д. Тұрғанов.

Бағдарлама тұжырымдамасы екі кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңі "2008-2009 жылдарды қамтып, қуат көздерін сақтау жұмыстарына қатысты нормативтік -құқықтық негізін анықтаудың қысқа мерзімді шаралары қарастырылған, сондай-ақ, оларды дайындау мерзімдері белгіленіп, министрліктер мен ведомстволардың жауапты орындаушылары анықталады".

"екінші кезеңде, 2010-2015 жылдары қуат көздерін сақтаудың іс жүзіндегі кешенді шараларын қарастыру жоспарланған", - деді Д. Тұрғанов.

Бұл бағдарламаны дайындау барысында, "тұрғын-коммуналдық шаруашылық және экономика салаларының отын-энергетикасын тұтынуы алдын -ала зерттеліп, халықаралық тәжірибемен танысу керек".

Вице-министр атап өткеніндей, 2008 жылы "Қуат көздерін сақтау туралы" заң жобасы дайындалып, 2009 жылы жаңа редакциядағы заңның қабылдануы жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті