Б.Сәрсенбаев иордандық саясаткерді «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалар, соның ішінде «АТОМ» жобасы және қос елдің түрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
А.Хасауна Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауына жоғары баға беріп, Президент Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан зор әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жеткенін атап өтті.