«Біз жылда халықтың осал топтарына арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ҮЕҰ-ларға бюджеттен қаражат бөлуді қарастырамыз. Биыл 715 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы біз 800 млн. теңгеге жуық қаржы қарастыруды жоспарлаудамыз», - деді министр Т.Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік БҰҰ-ның Даму бағдарламасының жұмыстары аясында арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын 47 ҮЕҰ-мен әріптестік орнатқан.
«Қазіргі таңда аталмыш арнайы қызметтермен елде 2,5 мыңнан астам бала қамтылып отыр», - деп атап өтті Т.Дүйсенова.