"Елбасының тапсырмасымен біз "Нұрлы көш" атты арнаулы жоба жасадық ", - деді Б. Сапарбаев.
Оның айтуынша, "жобаға сәйкес, ішкі және сыртқы көші-қон аясында тартылатын жұмыс күші көшбасшы-қалалар мен серіктес қалалардың, жоғары және орташа даму потенциалы бар ауылдық елдімекендер мен шекаралық елдімекендердің айналасында жасақталады".
Министрдің айтуынша, қазіргі күрделі проблемалардың бірі - халықтың жұмыспен қамтылу тиімділігінің төмендігі мен жұмыс күшінің мобильділігінің төмендігі болмақ. "90-шы жылдардың басынан бері өнеркәсіпте еңбек ететін халықтың үлесі 11%-ға төмендеп, ауылшаруашылығында 9%-ға ұлғайып, қазір ол 30%-дан асты. Өздеріңіз көріп отырғандай, еңбегі ауыр әрі өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейтіндердің жоғары үлес салмағы сақталып отыр", - деді ол.