"Қажетті барлық техникалық шаралар жүзеге асырылып, министрліктің бұйрығына қол қойылды. Қазынашылық мекеме барлық мәселелерді дәйектеді. Егер ертең сенат тиісті заңды қабылдаса, біз төлемдерді дер кезінде таратуға дайынбыз",- деді Г.Қарағұсова.
Үкімет басшысы "жергілікті жерлердегі жұмысты күшейтуге" тапсырма беріп, "еліміздің шалғай аудандарындағы зейнеткерлер зейнетақысын уақытылы алуы үшін "Қазпошта" бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды" міндеттеді.