ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек заңнамасының бұзылуы жөнінде 4 мыңнан арыз келіп түсті

"4,5 айдың ішінде еңбек туралы заңнамасының бұзылуына қатысты төрт мың арыз келіп түсті, онда көбінесе еңбекақының, еңбек демалысына шығуға орай тиісті қаржының уақтылы төленбеуі көрсетілген", - деді Б. Сапарбаев.

"Біздің инспекторлар оны тексеріп, олардың басым бөлігі расталды. Кейбір деректер бойынша әкімшілік шаралар қолданылып, кейбір іс материалдары сот органдарына тапсырылды ", - деп хабарлады министр.