ҚР Есеп комитеті мен Дүниежүзілік банк қылмыстық ақшаны заңды айналымға шығаруға қарсы әрекет ету мәселесі жөнінде семинар өткізеді

"Біз Дүниежүзілік банк мамандарының көмегімен ақша жымқыру, алаяқтыққа қарсы әрекет ету мәселесі бойынша оқыту семинарын өткізбек ниеттемізк", - деді есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев.

Ол банк өкілдеріне есеп комитеті туралы заң жобасының сараптамалық қорытындысына қатысуға шақырды. О. Өксікбаев Қазақстан көлік жолдарын, медицинаны дамытуға банктен қарыз алатынын және есеп комитеті осы қаражатты тиімді жұмсауға бірлескен аудит өткізуды қалайтынын жеткізді.

Өз кезегінде БҰҰ-ның есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының оқытушылық жобасының жетекшісі Кари Вотава Дүниежүзілік банк тарапынан тиісті шаралар жасалатынын атап көрсетті. "Ақша жымқыру және лаңкестікті қаржыландыру тұрғысынан алып қарағанда Орта Азия елдері жаһандық қоғамдастық үшін аса маңызды болып табылады", - деді ол.