Қазір 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
ҚР ІІМ-нің пікірінше, "егер пара мөлшері 20 есептік көрсеткішті (17 мың теңге) құраған жағдайда айыптыларға жүктелетін жазаны әкімшілік соттар арқылы шешуге болар еді". Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, "мұндай жағдайда 3 мың долларға дейінгі мөлшерде жоғары айыппұл белгілеп, ондай адам айыппұлдан кейін міндетті түрде мемлекеттік қызметтен босатылуы тиіс". Айыптау жүйесі осылайша өзгерген жағдайда , министрдің пайымдауынша, "қоғам ұтады".
Министрдің мәліметіне жүгінсек, қазіргі жағдаймен "15 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған 823 адам 1-3 жылға дейінгі мерзіммен түрмеде отыр". Осындай мәліметті жария еткен министр парақорларға мұндай жаза қолданудың қажеті бар ма деген сауалды депутаттарға тастады.