"Біз үкіметке ҚР Қылмыстық кодексіне браконьерлік үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселе қоймақпыз",- деді М.Әміров.
Оның түсініктемесіне сәйкес, 2004-жылы Қылмыстық кодекстен бұған дейін қылмыстық сипатта деп жазаланатын кейбір қылмыс түрлері алынып, "іс жүзінде декриминализация" жүргізілді. "Қазір біз мемлекетке 100 айлық есептік көрсеткіш, немесе, 109 мың теңгеден жоғары көлемде шығын келтірген браконьерлерді ғана қылмыстық жауапкершілікке тарта аламыз",- деді ол. "Біздің мақсат - осы көрсеткішті азайту арқылы браконьерлік үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту",- деді ІІД-нің басшысы.
М.Әміровтың айтуынша, ІІМ үкіметке браконьерлерден тәркіленген техникалық құралдарды құқық қорғау мекемелерінің иелігінде қалдыру жөнінде ұсыныс жасамақшы. "Бүгінгі таңда браконьерлердің біздікінен әлдеқайда артық техникалық құралдарды пайдаланатыны жасырын емес. Соттың шешімінен кейін осы құралдар аукцион арқылы басқа мемлкекеттік мекемелердің иелігіне көшеді. Ал біз осы заттардың құқық қорғау органдарының қарамағында қалғанын қалаймыз",- деді М.Әміров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті