ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы болып полковник Асқар Исағалиев тағайындалды

Хабарламаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы лауазымына бұрын Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Асқар Қалидолдаұлы Исағалиев тағайындалды.