Қ.Сүлейменовтың айтуынша, 2004-жылдың мамыр айында полигонда болған оқыс оқиғадан кейін тексеру жүргізуге шешім қабылданған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы 17-мамыр күні ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің бір әскери бөлімшесінде атысқа дайындық барысында полигон аумағынан жауынгерлер тауып алған ГП-25 гранатометының 40 миллиметрлік оқ-дәрісі жарылған. Жарылыс салдарынан 15 адам жараланды, олардың төртеуі ауыр жарақаттанған.
Қ.Сүлейменовтың айтуынша,төтенше жағдайдың шығуына "Ішкі әскерлердің қолбасшылығы да кінәлі". "Бұл полигонда Астанадағы барлық күш құрылымдары атыстар өткізеді. Сол себепті біз осындай атыстардан кейін бәрі де полигонды тазартуы тиіс деген талап қоюымыз қажет еді",- деді ол.
Қ.Сүлейменовтың хабарлауынша, Ішкі әскер қызметкерлері бұдан былай республиканың барлық оқу-жаттығу полигондарында осындай тексерулерді жүзеге асырып отыратын болады.