ҚР ІІМ ішкі істер органдарының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі кеңестерді жасап шығарды

ҚР ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев семинарда сөйлеген сөзінде барлығы бірдей мойындаған халықаралық стандарттар ішкі істер органдарының заң бөлімшелерінің бағдары болып табылатынын атап көрсетті және министрліктің заң жобасын жасау қызметі жөнінде әңгімеледі.

Атап айтқанда, ол биылғы жылы мемлекет басшысы ІІМ дайындаған 20 заңның онына қол қойғанын атап өтті. Қабылданған заң актілерінің әрқайсысы заң бұзушылықтың профилактикасы мен қылмыстармен күрестегі тиімділікті арттыруға бағытталған және қандай да бір қызметтің жұмысын жетілдірудегі нақты тапсырмаларды шешеді.