ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың басынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ

Ө.Түсімовтың айтуынша, осыған байланысты министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Оның нақтылауынша, қазір осындай бір заң жобасы үкіметтің қарауында жатыр. "Сөйтіп тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге тыйым салу туралы шешімді үкімет емес, парламент қабылдайды",- деді журналистер сауалына жауап берген Ө.Түсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті