ҚР ІІМ құқықтық статистиканы жүргізетін құрылымды азаматтық мекемеге беруді қолдайды - Шпекбаев

"Кезінде біз құқықтық статистиканы жүргізуге байланысты функцияны Бас прокуратураға бергенбіз. Ал қазір осы функцияны ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне беру жайлы сөз болуда", -деді А. Шпекбаев.

Вице-министр сонымен бірге Ішкі істер министрлігі шағын және орта бизнеске көрсетілетін әкімшілік қысымды азайту мақсатында ішкі істер органдары лицензия беретін іс-қызметке қол жеткізу үшін міндетті түрде тапсырылатын құжаттардың тізімі 40%-ға қысқарғанын хабарлады. "Бұл үкіметтің бастамасы болған, біз лицензиялардың санын қысқарта алмадық, өйткені, олар ең минималдық деңгейге жеткен, бірақ, біз құжаттардың санын азайттық", -деді ол.