Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ішкі істер органдарының 28 қызметкері мен ішкі әскердің әскери қызметкері мемлекеттік наградамен наградталды. Республика президентінің атынан наградаларды ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов табыс етті.
Марапатталғандар қатарында министрлік қызметінің жетекшілері, аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлері, ішкі әскери бөлімшелерінің командирлері бар. "Мемлекет басшысы ішкі әскердің әскери қызметкерлері Павел Ситников пен Евгений Логиновтың әскери граната лақтыру жаттығулары кезінде, қатардағы А. Сағындықов сарбаздың өмірін аман алып қалған ерлігін оң бағалады", - деп хабарлады ІІМ.
Сонымен қатар, Камидулла Әпенов пен Төлеген Хусаинов наградалар иесі болып атанды. Олар "балалар отырғызылған автобус коллонасының, жүк -жолаушы тасымал автокөлігімен соқтығысу қаупі төнгенде, өздерінің қызмет көлігін қақтығысқа қойды".
""Ерлігі үшін" медалі қызмет бабындағы міндетін атқару барысында қаза болған Целиноград АІІД жедел уәкілі, полиция лейтенанты Жеңіс Күптеновтың туыстарына табыс етілді. Салтанатты шараға қатысқандар қызмет міндетін атқару барысында қаза болған батыр - полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды ", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.