ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан облыстық арнаулы күзетінің қаржы бөлімінің бұрынғы бастығына 4 млн теңге жымқырды деген айып тағылауда

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылдың тамызында бөлімнің бұрынғы бастығы басқарманың бухгалтериясына Конституцияның 10 жылдығына орай ақшалай сыйақы бөлу үшін жұмысшылар тізімін әкелген. "Бірақ оның қолында басқарма бастығының қолы қойылған мадақтау туралы бұйрық болмаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, күдікті осыдан кейін қызметкерлерге бөлінген 4 млн теңге көлеміндегі бюджеттік қаржыны өзінің Халық банкісіндегі карточкалық есеп шотына аударып, ізін жасырған.

Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті қаржы бөлімінің бұрынғы бастығының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғап, оған мемлекетаралық іздеу жариялаған болатын. "4-сәуірде күдікті Астана қаласында құрықталып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті