Полиция полкінің кадр бөлімі және әскери қызметке дайындық бойынша аға инспекторларының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық іс-шара, батальондар арасында үздік шаңғышыларды анықтап, қызметкерлердің спортқа деген ынтасын арттыру болып табылды.
2-батальон командирінің орынбасары С.Мұхамедин мен 4- батальон командирінің орынбасары Д.Әбдірахмановтың дайындаған шаңғышылар командасы 3 топқа бөлініп өнер көрсетті. Алғаш 500 метрге жылдамдық бойынша жүгірген топтың ішінен 1-ші болып 2-ші батальон қызмет аға инспекторы А.Мағауиянов келсе, қалған 2 орынды 4-батальон қызметкерлері иеленді.
Ал, 1000 метрлік қашықтықта алғаш болып мәре сызығын қиған 4-батальон қызметінің аға инспекторы Ғ.Бекжасаров болса, қалған орынды 2 батальон тең бөлісті. Негізгі аламан жарыс 2400 метрде бақ сынауға топқа қосылған қызметкерлер арасынан 1-болып 2-батальон қызмет инспекторы Е. Құнанбаев оқ бойы озық келсе, 2-нші және 3-орыннан 4батальон полицейі Ж. Боранбаев пен қызмет инспекторы М. Оспанов көрінді. Жалпы командалық есеп бойынша 4-ші батальон командасы басым түсіп, бас жүлде Полк кубогын ұтып алды.
Осындай іс-шараға «қызметтің күшейтілген түріне» қарамастан атсалысып, Азиада алауын жаққан қазақстандық спортшыларға тілеулестік білдірген полк қызметкерлері мен жүлделі орын иелеріне полк командирінің орынбасары А.Бейсенов пен кадр бөлімінің бастығы Ж. Шырынбеков дипломдарын табыс етіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Астаналық саябағында жиналған спорттық киімдегі ІІО-ның қызметкерлері Қазақстан спорт шеберлері қазақ елінің мәртебесін көтеретініне шын сенімдерін білдіріп, «Қазақстан Алға!» - деген ұран тастап, тарқасты.