ҚР ІІМ жолдарда пара бергені үшін заңнамалық жауапкершілікті қолдану белсенділігін арттырмақшы - Мұхамеджанов

"Мен Қазақстанның барлық азаматтарын ескертейін деп едім - егер тіпті жол полициясы қызметкерлері сіздерден пара бопсалап жатса да, сіз оларға бермеңіз, өйткені, сіз солай қармаққа ілініп қалуыңыз әбден мүмкін, бұл арандатушылық болуы, ол жерде ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік бөлімшелері жұмыс істеп жатуы әбден ықтимал", -деді Б. Мұхамеджанов.

"Біз қазір тек өз қызметкерлерімізге қатысты ғана емес, осы параны беретін азаматтарға қатысты да жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

"Олар тіпті пара бопсалап жатса да оны беруге болмайды: сен ереже бұзсаң онда соған сай жауапкершілікті жүкте. Олай болмаған күнде, егер сен ақша беріп құтылып кетем деп ойласаң, онда сол үшін қамауға алынуың мүмкін", -деді министр.

Оның мәліметінше, "еліміздің 85 азаматы қазір жол полициясы инспекторларына пара беру дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр".