ҚР ІІМ жұмыс сапарымен республика өңірлерін аралап шықты

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында З.Тұрысбеков Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының ІІББ мен ІІБ, көліктегі оңтүстік-шығыс ІІБ-ның қызметкерлері құрамымен кездесті. Сондай-ақ, ол Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Министрдің бұл кездесулері Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауының басты бағыттарын насихаттау мақсатымен ұйымдастырылды. З.Тұрысбеков жолдаудың әсіресе азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағышталған тұстарына баса назар аударды. "Ішкі істер мекемелерінің қызметкерлері, соның ішінде әсіресе тұрғындармен күнделікті қарым-қатынаста болатын учаске инспекторлары жолдауды жүзеге асырушы, жеткізе насихаттаушы басты тұлғалар екенін" министр ерекше атады.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына сапары барысында З.Тұрысбеков консьерждер қызметін құру жөніндегі жобаның алғашқы нәтижелерімен танысты. Тәжірибені еліміздің басқа аймақтарына да таратуға шешім қабылданды.
Сапар барысында министр Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ мен Жамбыл облыстық және көліктегі оңтүстік-шығыс ІІБ-ның жаңа жетекшілерін таныстырды.