ҚР ІІМ-нің вице-министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде адам саудасының жолын кесу мәселесі, сондай-ақ, бірлескен мемлекеттік бағдарламалар және зорлық құрбандарына көмек қолын созатын үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып отырған бағдарламалар талқыланған.

Сонымен қатар, қылмыстың аталмыш түрлерімен күресудегі екі елдің құқық қорғау органдарының бұдан былайғы ынтымақтастығының жағдайы мен болашағы туралы да сөз қозғалған.

"Вице-министр қонаққа Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметінің басты бағыттары мен Қазақстан полициясының даму мүмкіндіктерімен таныстырды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.