"Ағымдағы жылдың 1-маусымындағы жағдаймен республикада 874 кәсіпорын менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізіп, сертификат алды. Тағы 297 кәсіпорын енгізу сатысында", - деді Ғ. Оразбақов.
"Бұл іспен үш жылдан бері белсенді айналысып жатқанымызға қарағанда және елімізде қазіргі бар кәсңпорындардың санына шаққанда бұл өте мардымсыз көрсеткіш", - деді ол.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, басқарудың халықаралық стандарттарын енгізген кәсіпорындар санымен Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары алда келеді. "Ал Ақмола , Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында халықаралық стандарттарға көшкен кәсіпорындардың саны тым аз ", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті