"Қазір ұлттық компаниялардың профильді емес кәсіпорындарының қызметін бәсекелес ортаға, яғни шағын және орта бизнеске беру жөніндегі "Самұрық" қорының ұсынысы нақтыланып жатыр", - деп хабарлады министр.
Қазір өңірде шағын бизнестің 3445 кәсіпорны жұмыс істейді. Барлығының негізгі проблемасы - несиелендіру. Биыл облыстық бюджеттен кәсіпкерлерді қолдауға 250 млн теңге бөлінген.
"ҚР үкімет басшысының шешімімен кәсіпкерлер кездесетін бюрократиялық бөгетті жою үшін жұмыс тобы құрылғаны белгілі", - деп мәлімдеді В. Школьник.
Жиналыста сондай-ақ, Қызылордада әйнек зауытын салу мәселесі айқындалды. "Жақында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Қытайға жасаған сапарында ҚХР премьерімен осы кәсіпорынды салу жөніндегі келісімге қол қойылды. Қаржыландыратын Қытайдың "Эксимбанкі". Әйнек зауыты бірлескен 40 жобаның қатарына енгізілген", - деп түсіндірді Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында В. Школьник "РУ-6" ЖШС, сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының "Еркөл" уран кенішін аралап көрді. Министр кеніштің кеңею барысымен және Жаңақорған ауданындағы Шалқия кен орынындағы мырыш-қорғасын кен байыту фабрикасының құрылысымен танысты. Құны 230 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасына енгізілген.