"Қазақстанда сауда орындарының тапшылығы қатты сезіледі, сондықтан бәсекелестік болмаған жерлерде базар иелері жалға берілетін орындардың құнын өсіруде. Ал ол тауар бағасының шарықтауына соқтырады ", - деді В. Школьник
"Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша сауда орындарымен қамтамасыз ету бойынша 1000 тұрғынға шаққанда сауда орындарының 111,7 шаршы метрі келеді ", -деп толықтырды ол.
"Әрине, біз ТМД және дамыған елдерінде қолданылып отырған талаптар бойынша артта қалып отырмыз. Сондықтан мемлекетіміздегі қалалық жерлерінде мұндай талаптарды енгізу қажеттігі туындап отыр ", -дейді ИСМ басшысы.
"Әсіресе қалаларда сауда орындары мен базарлардың тапшылығы жағдайында әкімдіктер 2012 жылға дейін аймақтық сауда базарларының дамуы мен жаңартылуының жоспарын дайындауы тиіс. Онда сауда алаңдарының жаңартылуы жөнінді механизмдері енгізіліп, олардың орналасуы жөнінде талаптар мен ұсыныстар ескерілуі керек ", - деп қорытындылады В.Школьник.