"Министрлік алюминий зауыттарының басым бөлігінде баға деңгейі шығыннан төмен болып отырған қазіргі жағдайда алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды", - деді В. Школьник.
Оның айтуынша, осы жөніндегі қаулының жобасы мемлекеттік органдарда келісілу үстінде. "Оған шама келгенше тез арада қол қою қажет. Осы құжатты қарап жатқан мекемеден қол қоюды сұраймыз", -деді министр.