"Лицензия берілетін іс-қызметтер түрлерінен өлшем құралдарын жөндеу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық нысандарды жасауды алып тастау жөніндегі қаулылардың жобалары дайындалды", - деді В. Школьник.
"Бұл актіні "Лицензия беру жөніндегі" заңына өзгеріс енгізілгенге дейін немесе одан кейін қабылдауға болады, бірақ қандай жағдайда да ол аталған іс-қызмет түрлерін тексерулер санын жылына 560-қа азайтады", - деді ол.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде лицензия берілетін іс-қызмет түрлерін 15 түр мен ішкі түрге дейін азайту ұсынылуда.