ҚР Индустрия және сауда министрлігі жеңіл өнеркәсібі үшін салықтық ынталандыруды енгізуді ұсынады

"Біз сала үшін салықтық ынталандырулар енгізуді ұсынамыз", - деді А. Қосынов.

Оның айтуынша, "жаңа Салық кодексінің жобасында экономиканың өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласының дамуы үшін ынталандырулар қарастырылған". "Бұлар - корпоративтік салықты төмендету, ҚҚС қайтару мерзімін қысқарту мен оны жеңілдету, жабдықты импорттаған кезде жеңілдіктер көрсету", - деді вице-министр.

"Бұның бәрі де жеңіл өнеркәсібінің жағдайына оңды әсерін тигізетіні күмәнсіз, дегенмен, жеңіл өнеркәсіп саласын басқа өңдеуші салалардан бөле-жара жаңа Салық кодексінде оған айрықша назар аударуға да болар еді", - деді А. Қосынов.

Оның пікірінше, мәселен, "жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына ҚҚС ставкасын 5 жыл мерзіммен 5% мөлшерінде енгізіп, корпоративтік кіріс салығынан 5 жыл мерзімге босатуға, салық салынатын пайданың барлық көлемі өндірісті дамытуға жұмсалуға тиіс деген шарт қоюға болар еді".

Вице-министр ағымдағы жылы жеңіл өнеркәсібіне арналған шикізат пен жабдықтарға кедендік баж салықтарының ставкалары төмендетілгенін, атап айтсақ, жеңіл өнеркәсібінің өндірістік қызметіне қажетті бояу және әрлеу материалдары мен тоқымалық және қосалқы заттардың кедендік баж салықтарының ставкалары төмендетілгенін еске салды. "Үкіметтің қаулысымен жеңіл өнеркәсібіне арналған тауарлар, қосалқы жабдықтар мен құрал-жабдықтардың тізімі бекітіліп, олар бойынша импорт кезіндегі ҚҚС есепке алу тәсілімен ғана алынады, бірақ, іс жүзінде төленбейді", - деді ол.

"Саланың осындай даму перспективасымен Қазақстан жеңіл өнеркәсібіндегі өндіріс деңгейін бұрынғы деңгейді қайта жаңғыртып қана қоймай, қосылған құны жоғары жаңа өндірістер де құра алады", - деді А. Қосынов.

Осыған байланысты ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасымен және жеңіл өнеркәсібі қауымдастығымен бірлесіп жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді шаралардың жобасын жасады, онда саланы жүйелі түрде қолдау қарастырылған.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруға тапсырма берді. "Жұмыс тобын индустрия және сауда министрі басқарады", - деді ол.

Кәрім Мәсімов үкіметтің осы мәселе бойынша шешімін дайындап, қыркүйекте үкіметтің қаулысын қабылдауға тапсырма берді. "Жалпы алғанда, біз жеңіл өнеркәсібін қолайтын боламыз",- деді үкімет басшысы.