ҚР Ішкі істер министрлігі құрылғалы есірткімен күрес жөніндегі комитеті қызметкерлері ірі көлемде контрабандалық есірткі арнасына тосқауыл қойды

Министрліктің ақпараты бойынша, ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес жөніндегі комитетінің қызметкерлері Түркия және АҚШ-тың есірткімен күрес жөніндегі басқармасының полиция әріптестерімен бірлесе отырып және Алматы ІІД есірткімен күрес жөніндегі басқармасының қатысуымен 15 сәуірде халықаралық операцияны аяқтап, оның нәтижесінде полиция қызметкерлері 120 келі героинді тәркіледі.

Белгілі болған ақпарат бойынша, "аса ірі көлемде есірткі контрабандалық жолмен Түркиядан жіберіліп, Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілуі жоспарланған болатын ".