ҚР Каспий теңізіндегі аумақтық бөлігінде жоғалған жеті дағыстандық балықшы табылды

Атырау облысының шекара отряды штабының басшысы Вячеслав Рахман агенттікке хабарлағанындай, Атырау шекарашылары Атырауға қарасты Каспий теңізінің территориясын бірнеше рет аралап өткенімен, адамдарды немесе кемелерді көрмеген. Жоғалған жеті адамды Маңғыстау шекарашылары тапты. Балықшылардың жағдайлары жақсы, ешкім үсімеген.

"Бүгінде оларды Россей Федерациясына аттандыру мәселесі" талқыланып жатыр. Жоғалған балықшылар арасындағы 4 дағыстандық әлі табылмаған. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлайды Маңғыстау облысының ТЖ департаменті.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 27 - 28 желтоқсанда Дағыстанның Кизляр ауданынан 5 қайықпен бірнеше дағыстандық теңізшілері Каспийге балық аулауға шыққан. Белгіленген уақытта балықшылар үйлеріне оралмағандықтан,олардың туған -туыстары іздеу салған. Оларды іздестіру шараларына Атырау, Маңғыстау облыстарының шекарашылары, құтқарушылары, су полициясы, тік ұшағы мен кемелері бар "Аджип ККО" компаниясы қатысты.