"ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ағымдағы жылдың қазан айында Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы бойынша концессияға байқау жариялайды. Жобаның осы учаскесін концессия негізінде жүзеге асыруға ниет білдіргендер қазірдің өзінде көп. Бұл жобаның құнының үштен бір бөлігін жеке меншік инвестицияның негізінде, бір бөлігін Еуропалық қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк, Ислам даму банкі мен Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттарының несиесінің есебінен қаржыландыру жайы дәйектелуде ".
"Жұмыстар жүргізіліп жатыр. 12 институт жоба жасаумен шұғылдануда. Осынау ғаламдық жоба бойынша жобалық құжаттар толық аяқталады. Жұмыс комиссиялары тұрақты жиналуда. Біз жұмыстардың барысына екі аптада бір рет мониторинг жүргізудеміз. Бәріде жоспар бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Ө.Шүкеев.