Ю.Лавриненконың мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда "Атырау-Ақтау, Атырау-Орал, Қарабұтақ-Теңіз бағытындағы автожолдарды салу жұмыстары жүзеге асырылуда".
"2004-жылы жаңадан салынып жатқан Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол желісі іске қосылып, Маңғыстау-Бейнеу-Мақат бағытындағы жолды жаңалау жұмысы аяқталады деп межеленген",- деді ол. Сондай-ақ, вице-министрдің хабарлауынша, "министрлік Маңғыстау-Баутино бағытындағытемір жол тармағын салу мүмкіндігін сараптауда".