ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таяу уақыттарда инфрақұрылым жасау саласындағы 17 жобаны концессияға беруді жоспарлауда

"Қазір транспорттық-коммуникациялық кешен саласында біздің министрлік мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі негізінде 5 жобаны жүзеге асыруда, ал таяу уақыттарда жалпы құны 20 млрд долларды құрайтын 17 жобаны концессияға беру жоспарлануда", -деді Д. Көтербеков.

Жалпы, көліктік-коммуникациялық кешенде 12 жобаны ұсынып отыр. Оның 10-ы - автомобиль жолдарына қатысты: Алматы - Қорғас, Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы, Алматы - Қапшағай автожолдарын қайта салу, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу, Астана - Қарағанды жолын қайта салу, Бейнеу - Ақтау, Астана - Щучинск автожолы интеллектуалды-көліктік жүйе енгізу, Орал - Каменка - РФ шекарасы автожолын қайта салу, Қарағанды - Балқаш - Қапшағай автожолын салу, Бейнеу - Шалқар жолын салу. Бір жоба азаматтық авиация саласына қатысты: Қостанай қаласы әуежайын қайта салу. Және бір жоба темір жол көлігі бойынша: Бейнеу - Жезқазған темір жолын салу. Осы жобалардың толық құны - 1 трлн. теңгеден астам.