"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңның қабылдануына байланысты елімізде қолданыстағы заңдар, үкімет қаулылары мен басқа да құқықтық нормативтік актілерді жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген Конституциялық кеңес таратқан хабарламада.
"Осы мақсатпен Конституциялық кеңестің бүгінгі отырысында кеңестің 16 нормативтік қаулысын қайта қарау, толық немесе жартылай алып тастау мәселесі талқыланады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Конституциялық кеңестің баспасөз қызметі сонымен қатар енгізілген өзгерістермен қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға салынған тыйым алынып, өлім жазасын қолдануға шектеу қойылып, тұтқындауға санкция беру мен қамауда ұстауға тек қана сот тарапынан санкция беру енгізіліп, Қазақстан президентін сайланатын мерзімді, парламенттің өкілеттілігін, депутаттар санын, олардың сайлану тәртібін, үкіметті, Конституциялық кеңес пен басқа да мемлекеттік органдарды жасақтау процедураларын өзгертетін түзетулер енгізілгенін хабарлайды.
"Негізгі заңның сот және құқық қорғау жүйесінің іс-қызметіне, сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының іс-қызметіне қатысты нормалары ревизияға ұшырады, бұл еліміздің барлық нормативтік базасын, соның ішінде Конституциялық кеңестің бұған дейін қабылданған нормативтік қаулыларын жаңартылған Конституцияға сәйкестендіруді талап етеді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті