ҚР Конституциялық кеңесі сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін түзетулер топтамасына қатысты шешімді 9-сәуірде шығарады

Оның айтуынша, Конституциялық кеңес бүгін аталмыш заңды қарауға кіріскен. Қазір кеңес мүшелері мәжіліс құруда, соған қарағанда шешім ертең шығатын түрі бар, деді Х.Әбішев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң 2004-жылдың 15-наурызында үшінші оқылымда қабылданды. 2-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламентте қабылданған заңды ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптату үшін Конституциялық Кеңестің қарауына жіберді.