"Көп жағдайда сот шешімдерінің орындалмай қалуына мемлекеттік мекемелердің өзі кінәлі. Олардың сот шешімдеріне қатысты жиынтық берешегі миллиардтап саналады",- деді И.Рогов.
ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Бақытжан Әбдірайымовтың түсініктемесіне сәйкес, 2007-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен мемлекеттік мекемелердің сот шешімдері бойынша берешегі 2,76 млрд теңге болған.
"Соның ішінде миллиард теңге жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер, соның ішінде әкімшіліктердің үлесінде, 1,7 млрд теңге - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге тиесілі",- деді Б.Әбдірайымов. Оның айтуынша, ең үлкен берешегі бар мекемелер мыналар: Қаржы министрлігі (938,5 млн. теңге), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министерлігі (367,2 млн. теңге), Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (119,2 млн. теңге) және Әділет министрлігі (40,3 млн. теңге).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті