«Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күннің шеңберіндегі мәдениет күніне орай «Мәдени мұра – культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосты»», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.
Портал Қазақстандағы мәдени мұра туралы жалпы көлемі 70 Гигабайт мөлшеріндегі кең ауқымды ақпаратты таратады. Порталда 1 миллион файл, 2000 фотография мен сурет, 360 кітап, 50 бейнематериалорналасқан, делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, «Аудиоматериалдар», «Аудиокітап» бөлімдеріне әлем классикалық әдебиетінің қазақ тіліндегі нұсқалары орналастырылған. Ерекше орны бар археологиялық, тарихи және мәдениет ескерткіштері, археологиялық қазба жұмыстары туралы қызықты мәліметтер іздеуге қолайлы форматта - ескерткіштер орналасқан елді мекендердің георграфиялық картасы көрсетіліп жасалған.
«Порталда сондай-ақ мәдениет саласының қызметі, фестивальдар мен конкурстар, Астана мен Алматы қалаларындағы драма театрларының репертуары туралы ақпараттарға да орын берілген», - делінген ақпаратта