ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде бірқатар тағайындаулар жасалды

Атап айтқанда, Рүстем Жоламан - мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалса, Ермек Аманшаев - мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрлігіне тағайындалды.

Ардақ Досжан бұрынғы қызметінен босатылып, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі болып тағайындалса, Дәулет Тұрлыханов Спорт істері жөніндегі комитеттің төрағалығына тағайындалды.
Сламбек Тәуекел - Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.