ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелері жайында пікір алмасу жоспарлануда.

Сапар шеңберінде қазақстандық делегация мәдени-тарихи мұра нысандарын аралап, Беларусь астанасының ірі театрлары және мұражайларының басшыларымен кездеспек.


Министр, сондай-ақ, Беларусь Мемлекеттік академиялық музыкалық театрдың сахнасында өтетін Қазақстанның Беларусьтегі Мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.