Бұл туралы бүгiн Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концертте Индонезияның Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх мәлiм еттi.
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрiмен кездесуде бiз екi ел арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерiн талқыладық", - дедi М.Нұх.
"Сонымен қатар бiз ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесiп, экономика және әлеуметтiк саладағы өзара байланыс мәселелерiн ортаға салдық", - дедi ол.
Айта кетейiк, бүгiн, дүйсенбi күнi Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концерт өткен болатын. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Индонезия Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх қатысты.