"ҚР мәслихат депутаттарының Қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі құрылды

Конференцияға қалалық, аудандық маслихат депутаттары мен маслихат хатшылары қатысты. Кездесуде сөз алған Ғ.Байтұқ жаңа бөлімшенің міндеттері -депутаттардың мәртебесін көтеру, мәслихатаралық байланыстар орнату, депутаттық корпустың өз қызметтеріне қатысты мүмкіндіктерін кеңейту мақсаттарына тоқталды. Оның айтуынша, 2 аудандық мәслихат сессияларында бір мезгілде бір мәселеге қатысты бір-біріне кереғар 2 түрлі шешім шығарылады. Бұл "мәслихаттар арасындағы ақпарат алмасу мен байланыстың жоқтығына қатысты болып отырған жағдайлар",- деді ол. Конференцияда жергілікті бөлімшенің басқару органы сайланып, бөлімше төрағасы тағайындалды. Сонымен бірге депутаттар бірлестігінің ІІІ республикалық конференциясы делегаттарының тізімі жасалды.