6-қазан күнгі жағдаймен ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлауға 35 адамның аты ұсынылды. Облыстық мәслихаттарға 11 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр, атап айтсақ, Ақмола облысынан - 3 адам, Батыс Қазақстан облысынан - 2, Қарағанды облысынан - 1, Маңғыстау облысынан - 5 адам тіркеліп отыр. Аудандық мәслихаттарға - 9 адам, соның ішінде Ақмола облысынан - 3, Маңғыстау облысынан - 3, Павлодардан - 3 адамның аты ұсынылды. Қалалық мәслихаттарға депутаттықтан 15 адам үміткер: атап айтсақ, Ақмола облысынан - 6, Батыс Қазақстан облысынан - 3, Қарағанды облысынан - 4, Маңғыстау облысынан - 2 адам ат ұсынып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қыркүйекте республикамыз бойынша 3322 округте 2677 мәслихат депутаты сайланды. 89 округте сайлау қайтадан
жүргізілсе, қалған округтерде 12-қазанда қайтадан дауыс беру шарасы өткізіледі.