ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне Гүлнар Иқсанова бекітілді


Отырысқа қатысқан халық қалаулыларының барлығы депутат Г. Иқсанованың кандидатурасын осы қызметке бірауыздан қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған комитеттің төрайымы қызметін депутат Дариға Назарбаева атқарды. Жалпы отырыс барысында Д. Назарбаева Мәжілістің вице-спикері қызметіне сайланды.