ҚР Мемлекеттік хатшысы БАӘ Елшісімен кездесті

«Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшісі ретіндегі Сіздің жұмысыңызға, елеулі қызметіңізге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс білдіруге рұқсат етіңіз»,-деді Мемлекеттік хатшысы.

Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен келешегіне қатысты ауқымды мәселелер талқыланып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Г. Әбдіқалықова Елшіге БҰҰ Қаіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын, сондай-ақ еліміздің Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдағандары және БАӘ Үкіметінің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растағаны үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және ингвестициялық байланыстардың ағымдағы даму қарқынына қанағаттанушылық танытты. Өткен 10 жылда БАӘ-ден тартылған инвестицияның жалпы көлемі 2 млрд. долларды құрады. Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 97 млн. долларға жетті. Қазақстанда туризм, көлік-экспедициялық сервис, тұтынушыларға қызмет көрсету салаларындағы Әмірліктер капиталы қатысып отырған 50 кәсіпорын тіркелген.

Өз кезегінде Елші БАӘ Президенті мен ҚР Президенті екі елдің арасындағы тығыз қарым-қатынастың негізін қалағанын айта келе, «түрлі салаларда мемлекеттер арасындағы байланыстар үдемелі дамып отырғанын айтқым келеді. Әр кездесулерінде екі елдің мемлекет басшылары қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға талпыныстарын білдіріп отырған көріп отырмыз»,-деді.