ҚР мемлекеттік хатшысы елдегі жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Исландия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бенедикт Асгейрссон, Аргентина Республикасының елшісі Леопольдо Альфредо Браво, Таиланд Корольдігінің елшісі Супхот Дхиракаосал, Нигерия Федеративтік Республикасының елшісі Мұхаммед Әбубәкір Сика және Корея Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Ким Ен Дже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевқа сенім грамоталарын тапсырды.