ҚР Мемлекеттік хатшысы республика үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның жиналысын өткізді

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, "жиналыста мемлекеттік тілдегі терминологияның даму мәселелері, халықаралық кәсіби және арнайы терминдердің аударылу жағдайы қарастырылды". "Әзірленетін терминдер тек мемлекеттік тілді дамыту талаптарына жауап беріп қана қоймай, сондай-ақ біздің сыртқы әлеммен өзара түсіністігімізді қиындатпай, қайта жеңілдете түсуі тиіс және жаппай жаһандану ғасырында еліміздің халықаралық қоғамдастыққа ықпалдасуына жәрдемдесуі керек", - деп атап өтті жиналыс барысында Мемлекеттік хатшы.

Жиналысты түйіндей отырып, Қанат Саудабаев "комиссия қабылдаған терминдер тиісті деңгейде заңдастырылуы және міндетті түрде қолданысқа енгізілуі тиіс. Терминдердің орталықтандырылған базасын құру және комиссияның салалық секцияларының жұмысына қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген сарапшыларды тарту қажет екендігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті