ҚР мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекетпен етене жақын ынтымақтасуға шақырады

"Бүгінде біздің еліміз өз дамуының сапалық тұрғыда жаңа кезеңіне ден қойды. Ондағы мақсат - таяу жылдарда әлемдік жоғары деңгейде дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінің санатына қосылу. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдардың рөлі арта түсуде, олар халықтың әл-ауқатын жақсарту және елімізді одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдармен мейлінше белсенді әрі кең ауқымда жұмыс істеуге тиіс", - деді Қ. Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы осы орайда "үкіметтік емес ұйымдар еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері мемлекетттік органдармен бірге өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықтың жеміске толы жолдарынан өтті",- деді. "Елімізде аса қысқа мерзімде үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға арналған бекем институционалдық және заңнамалық база құрылып, билік пен үшінші сектор арасында әріптестік ықпалдастық орнап, әріқарайғы ықпалдастықтың стратегиялық бағыттары айқындалды", - деді ол.

"Тұтастай алғанда еліміз тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстанда үкіметік емес секторды дамытуға қажетті бекем құқықтық және ұйымдастырушылық іргетас қаланды", - деп қорытты Қ. Саудабаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті