ҚР Мемлекеттік орталық мұражайда 4 мамырда «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесі ашылады

Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні 1991 жылы 3 мамырда ЮНЕСКО-ның бастамасымен Виндхука Декларациясының мерекесіне байланысты қабылданды. Декларация – баспасөз еркіндігінің қоғам үшін маңызы зор екенін жариялау үшін Африка баспагер-редакторлары мен журналистері арасында жасалды. Ол Декларация барлық ел үкіметтерін баспасөз еркіндігіне жұмылдырып, радиода, телевизияда, сонымен қатар онлайн жүйесінде сөз еркіндігінің болуына және оған кепілдік беруге, оны мадақтауға шақырады.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде байқауға қатысқан: Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан суретші-карикатуристерінің 80-ге жуық жұмыстары қойылған. Көрменің салтанатты ашылуында «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатуралық байқауынан жеңіске жеткен жеңімпазды хабарлайды. Көрменің ең үздік жұмыстары 2011-2012 жылдық күнтізбеге еніп, еліміздің танымал бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Көрме 2011 жылдың 13 мамырына дейін жалғасады.