ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында "Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер" атты көрме өтеді

Көрме Шымкент педагогикалық институты қызметкерлерінің археологиялық жинақтары, 1964-1996-жылдар аралығындағы археологиялық экспедициялар мен ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы қорынан алынған археологиялық материалдар негізінде құрастырылып отыр.

Көрме мұрағаттарының арасында арыс мәдениеті қорғандарындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылған біздің жыл санауымызға дейінгі II-ғасырдағы реконструкцияланған әйел киімі ерекше құнды болып саналады.
Сондай-ақ, көрме экспонаттары арасында мүйізтұмсықтың мүйізінен жасалып, бирюза және халцедон асыл тастары мен күміс және алтын шегелермен геометриялық ою жасалып әшекейленген біздің жыл санауымызға дейінгі I-ғасырдағы хүннү тайпасы атқамінерлерінің бірінің декоративтік айылбасы да ерекше маңызды мұрағат болып табылады.
Сондай-ақ, көрмеге қыштан жасалған тұрмыстық бұйымдар, су құмыралары, хумдар мен ыдыс-аяқтар қойылған.